Жыл басынан бері теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды

Жыл басынан бері теңгенің негізгң валюталарға қатысты бағамы нығайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 12:56 Сурет: freepik
2024 жылдың үш айының қорытындысы бойынша теңге бағамы долларға, еуроға, Ресей рубліне және Қытай юаніне қатысты нығайды,- деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша наурыз айында теңге бағамы 0,9% - ға нығайды. Бір АҚШ доллары үшін 446,77 теңгеге дейін қалыптасты.

Алайда теңге тек долларға ғана емес, жыл басынан бері басқа да негізгі валюталарға қатысты нығайды. Ресми статистикаға сәйкес:

  • еуро қаңтар айының басында 502,2 теңгеден наурыз айының соңына қарай 481,8 теңгеге дейін;
  • Ресей рублі 0,22 теңгеге – 1 сәуірге қарай 5,06 теңгеден 4,84 теңгеге дейін нығайды.

Қытай юаны да теңгеге қатысты біршама әлсіреді – қаңтардың басында 63,94-тен сәуір айының басында 61,88-ге дейін.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) сауалнамасына қатысқан сарапшылардың бағалауы бойынша, сәуір айында USD/KZT бағамы бір доллар үшін 454,4 теңгеге жетуі мүмкін. Алайда, қазіргі уақытта теңге бағамы, керісінше, нығаюды көрсетюде.

1 сәуірдегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қайтадан 446,56 теңгеге дейін төмендеді. Еуро 481,81 теңге деңгейінде қалыптасса, рубль – 4,84 теңге, юань бойынша сауда-саттық өткізілмеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: