Жаңалықтар тізбегі
0

Банктер, МҚҰ және коллекторлар қарыз алушылар туралы қандай мәліметтерді кредиттік бюроларға ұсынады

Банктер, МҚҰ және коллекторлар қарыз алушылар туралы қандай мәліметтерді кредиттік бюроларға ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 10:21 Сурет: pixabay
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік бюроларға ұсынылатын өзге де мәліметтерді бекіту туралы қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба (қарыз алушылар туралы негізгі ақпараттан басқа) банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер (ақпарат берушілер) кредиттік бюроларға ұсынуы тиіс өзге де мәліметтердің тізбесін қамтиды.

Атап айтқанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (кредиторлар) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік бюроларға:

  • қарыз алушының банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгіну күні;
  • кредиторлардың қарыз алушының өтінішін қарау нәтижелері;
  • қарыз алушының өтінішін қарау нәтижелері бойынша кредиторлар берген жауаптың күні мен нөмірі;
  • банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына енгізілген өзгерістер;
  • банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша өндіріп алуды қолданудың негіздемесі мен күні туралы мәліметтерді (нотариустың атқарушы жазбасымен не сот актісімен не татуласу келісімімен расталған);
  • банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша жүргізілген соңғы төлем күні;
  • банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша жүргізілген төлем сомасы туралы мәліметтерді;
  • тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтерді береді.

Коллекторлық агенттіктер банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік бюроларға:

  • толық атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз (микрокредит) берген кредитор;
  • құқықты беру күнін, бизнес-сәйкестендіру нөмірін, берілген құқықтың сомасын, берілген құқықтың нақты құнын көрсете отырып, құқықты беру туралы шартқа сәйкес банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты берген тұлға;
  • банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша жүргізілген соңғы төлем күні;
  • банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша жүргізілген төлем сомасы туралы мәліметтерді;
  • тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтерді береді.

Жоба 2024 жылғы 26 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: