Несиелеу статистикасы: бизнес пен халыққа несиелеу көрсеткіші қаншалықты өсті

Несиелеу статистикасы: бизнес пен халыққа несиелеу көрсеткіші қаншалықты өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 17:13 Сурет: freepik
Ағымдағы жылы несиелеу динамикасы қалай өзгерді және бизнес пен халыққа несиелер көлемі қаншалықты өсті. Zakon.kz тілшісі зерттеп көрді.

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша экономикаға несиелер 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кеңейтілген айқындамада 36,4 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 5% - ға ұлғайды.

Осы көлемнің 46,3%-ы бизнеске, оның ішінде қаржылық емес заңды тұлғаларға және бизнес мақсаттарына несие алған жеке кәсіпкерлерге тиесілі болды. Халыққа берілетін несиелердің үлесі едәуір өсіп, 53,7% -ды құрады.

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес бизнестік несиелер жыл басынан бері 2,3% - ға өсіп, 16,8 трлн теңгені құрады, халыққа арналғаны 7,5% - ға нақтырақ айтқанда, 19,5 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте ұлттық валютадағы кредиттер көлемі жыл басынан бері 5,3% - ға 33,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Банк секторының несиелері берешектің жалпы көлемінің 85,7%-ын немесе 31,2 трлн теңгені құрады. Ал, микроқаржы ұйымдарының несиелері небәрі 2,5 трлн теңге көлемінде болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: