Ұлттық банк жаңа банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Қазақстанның Ұлттық банкі 9 қыркүйекте әлеуметтік желі мен мессенджерлерде жалған полиграфиялық өнімдер, нақтырақ айтқанда, қолдан жалған ұлттық валюта сату туралы жарнамалар тарап жатқанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың арасында мерейтойлық және "Сақ стилі" сериясындағы 10 000 теңгелік банкнота та бар.
"Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Осыған байланысты, банкноталарды қолдану кезінде ерекше сақтық танытып, олардың түпнұсқалығын тексеруді қатаң түрде ұсынамыз", делінген хабарламада.
Ұлттық валюта банкноталарындағы қорғаныс элементтері туралы ақпаратты Қазақстан Ұлттық Банкінің YouTube арнасынан және ресми сайтынан табуға болады.
"Күмәнді банкноталар, соның ішінде шын ақшаға ұқсас банкноталар байқасаңыз, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Қазақстан Ұлттық банкі тұрақты түрде жалған ақша жасауға қарсы күрес жүргізіп, қолма-қол ақша пайдаланғанда мұқият әрі сақ болуға шақырады".
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript