Қазақстандықтар Ресейге аз қаражат жібере бастады

Тенге, деньги, денежные переводы, мобильные переводы, мошенничество, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2024 16:45 Фото: Zakon.kz
Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жіберілген аударымдар көлемі қыркүйек айында 67,1 млрд.теңге сомасына 140,5 мың транзакцияны құрады. 2024 жылдың тамызымен салыстырғанда аударымдар санының 26%-ға төмендеуі және операциялар көлемінің 15,7%-ға төмендеуі байқалады.

ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, Қазақстаннан шет елдерге аударымдардың айтарлықтай төмендеуі байқалады.

Қазақстаннан жіберілген ақша көлемі бойынша көш бастап тұр:

  • Өзбекстан-22,8 млрд теңге (жалпы соманың үлесі-35,7%),
  • Ресей – 14,3 млрд теңге (22,5%),
  • Түркия-13 млрд теңге (20,3%),
  • Грузия-3,8 млрд теңге (6%),
  • Қытай -2,8 млрд теңге (4,3%).

2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстаннан Ресейге 14,3 млрд теңге жөнелтілген. Бұл тамыз айынан 25%-ға және 2023 жылдың қазан айынан 33%-ға аз.

Сурет: nationalbank.kz

2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға шетелден 18,5 млрд теңге сомасына 55,9 мың транзакция жіберілді. 2024 жылғы тамызбен салыстырғанда алынған ақша аударымдарының саны 6,1%-ға, операциялар көлемі 7,5%-ға төмендеді.

Шетелден алынған ақша көлемі бойынша көш бастап тұр:

  • Ресей-4,4 млрд теңге (жалпы соманың үлесі-24,1%),
  • АҚШ-2,7 млрд теңге (14,9%),
  • Өзбекстан-1,9 млрд теңге (10,4%),
  • Түркия-1,87 млрд теңге (10,1%),
  • Корея Республикасы — 1,8 млрд. теңге (9,8%).

Жіберілген және алынған аударымдардың негізгі үлесі АҚШ долларымен және қазақстандық теңгемен жүргізілген.

Сурет: nationalbank.kz

Бұған дейін Қазақстанда алтын бағасы бір тәулікте 1,5%-ға қымбаттағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: