Жаңалықтар тізбегі
0

"Кезби" ЖШС директоры "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырған – ҚМА

Ақша, ұрлау, Кезби, директор, Өзенмұнайгаз, ҚМА, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2024 12:29 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Ербол Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, яғни "аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМА баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарды деп күдікке ілінген. 

"2021 жылы "Кезби" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттар жасасты. Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Алайда, қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайларды жұмсамай жымқырған. 2024 жылғы 3 қарашада күдікті Кезбаев ұсталды", делінген 2024 жылғы 3 қарашадағы ҚМА баспасөз қызметі хабарламасында.

Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны нақтыланады. 

ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: