Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады

Ұлттық банк, алаяқтық, мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2024 18:57 Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Бүгін, 2024 жылы 11 желтоқсанда Ұлттық банк өздерінің фирмалық бланкін пайдаланып, азаматтарға жалған құжат жолдаушы алаяқтардың көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келтірілген деректерге сәйкес, қаскөйлер Ұлттық банк атынан жіберген жалған хаттарында олардың алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлайды.

"Сөйтіп, алаяқтардан ақшаны қауіпсіз түрде қайтару үшін және "клиринг процедурасынан өтуге байланысты қаржы міндеттемелерін" өтеу үшін ақша аудару керек екені айтылады". Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, қаржы құралдарын сақтандырмайтынын және халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын еске салады. 

"Интернет-алаяқтары мұндай хабарламаларды WhatsApp мобильді қосымшасы, электрондық пошта және әлеуметтік желілер арқылы таратады". Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтарды сақ болуға, күмәнді шоттарға ақша аудармауға, жалған хабарламалар мен тексерілмеген құжаттарға сенбеуге шақырады.

"Мұндай схемаларды алаяқтар құқық қорғау органдары немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қызметкерлерінің атын жамылып жүзеге асыруы мүмкін. Олар мұны "аударымдарды алаяқтардан сақтандыру процедурасы", қаржы ұйымдарындағы "алаяқтарды ұстау", "арнайы органдардың тексеруі" немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірлескен "арнайы операцияларына" қатысу сияқты түрлі жалған процесс ретінде түсіндіріп, алдап соғуы ықтимал". Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Егер өзіңіз немесе танысыңыз осындай алаяқтық схемаға тап болса, арыз жазып, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгіну жолдары ұсынылады. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: