Тимур Сүлейменов ақша бағамы туралы: Рубльге қандай да бір "байлану" деген жоқ

Тимур Сүлейменов, теңге, рубль, ЕАЭО, сұқбат, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 18:18 Сурет: akorda.kz
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ЕАЭО бойынша серіктестердің ел экономикасына әсері зор деп санайды. Оның айтуынша, экономикалардың осылай қоян-қолтық араласып жатуынан, әрине, бір-біріне әсері болатынын, бірақ теңгеміз рубль бағамына байланбағанын баса айтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бас банкир бұл туралы Арманжан Байтасовқа берген сұқбатында айтты.

"Өнеркәсіптік кооперация, Қазақстанның ірі кәсіпорындарының Ресейдің ірі кәсіпорындарымен байланысы деген бар, біздің көмір Ресейдің ЖЭО-на жеткізіледі, темір жолымыз Ресейге барады, шетелге мұнайды айдап жатқан КҚК Ресей арқылы өтеді. Тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтитын экономикалық одақтың қатысушысы бола отырып, біз серіктес елдерде болып жатқан оқиғалардан тысқары қала алмаймыз", - дейді Тимур Сүлейменов. 

Оның айтуынша, рубльге қандай да бір "байлану" деген жоқ.

"Осы рубльден кетейікші" дейтіндерді мен түсінбеймін. Жалпы, осы сөзді. Өйткені теңге рубль бағамына байланбаған. Иә, экономикалар арасында байланыс бар. Біздің [Ресеймен] арамыздағы сауда-саттық көлемі 30 млрд теңгеге жуықтайды (27-28 млрд теңге, 2024 жылдың қорытындысы бойынша қанша болатынын көрейік), үлкен инвестициялық байланыстар бар, ресейлік капитал Қазақстанда [бар], қазақстандық капитал Ресейде дегендей, қаржылық қатынастардың да көлемі зор және т.б. Бұл бұрыннан солай, біздің географиямыздың ажырамас бөлігі. Біздің экономикамыздың байланысын, валюталардың байланысын осылар анықтайды. Рубльге қандай да бір "байлану" деген жоқ", - деді ол.

Ұлттық банк төрағасы ЕАЭО елдерінің сыртқы сауда саясатын қазір Еуразиялық экономикалық комиссия басқаратынын, бірақ ақша-кредит саясаты "мүлдем тәуелсіз" екенін айтты.

"Біз базалық мөлшерлемелер туралы, минималды резервтік және пруденциалдық талаптар және т.б. шешімдерді өзіміз қабылдаймыз. Оны ұлттықтан жоғары құзыретке ие органға өткізіп беру ниетіміз жоқ", — деп сөзін қорытындылайды Сүлейменов.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: