"Ақ" доллардың әлегі: Ұлттық банк ескі үлгідегі доллармен күресте жаңа тәсілге көшті

"Ақ" доллардың әлегі: Ұлттық банк ескі үлгідегі доллармен күресте жаңа тәсілге көшті , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 10:07 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық банк ескі үлгідегі долларды коммерциялық банктерден сатып алуға кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ескі доллардың жайы не болмақ? Біраз қазақстандықтарды, әсіресе шетелге көп шығатындарды осы сұрақ алаңдатып отыр. Бұл ретте, "КТК" телеарнасы тіпті 2013 жылға дейін шыққан АҚШ ақшасын қабылдаудан жаппай бас тартып жатқандарын жазды. Соның салдарынан "ақ" доллар қаржы ұйымдарында жиналып қалған.

Қазақстаннан бөлек, қазір бірқатар елде ескі доллар мүлдем қабылданбайды екен. Енді бірінде ескі және жаңа АҚШ ақшасы әртүрлі бағаланатын болған. Яғни "ақ" доллар әлдеқайда арзанға айырбасталады. Біздің туристердің тек "көк" долларды сұрауына осы жағдай себеп. Соның салдарынан ақша айырбастау орындары тығырыққа тіреліпті. Тіпті ескі долларды сатып алған сомадан арзанырақ бағаға өткізуге "мәжбүр болдық" деп отыр. Дегенмен қазір Ұлттық банк осы проблеманы шешу үшін ескі үлгідегі долларды коммерциялық банктерден сатып алуға кірісіпті.

"Осы мәселені шешу мақсатында Ұлттық банк банктерден бұл сұранысқа ие болмай қалған ескі үлгідегі долларларды қабылдап, оларды федералды резерв жүйесіне тапсырып, айырбастайтын болды. Жыл басынан бері осындай механизммен 86 миллион доллардан астам қолма-қол доллар шығарылды". Асан Ахметжан, ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің жетекшісі

Бұған дейін Трамптың жаңа жарлығының алтын бағасының өсуіне айтарлықтай әсер еткендігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: