Осы аптада алтын бағасы неге қатты арзандады

Алтын, бағалы метал, Қазақстан, арзандау, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2025 17:55 Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Инвесторлар қорғаныс активі ретінде қымбат металға деген қызығушылығын жоғалтуда. Соңғы күндері алтынның бағасы қаншалықты төмендеді? Мұны Zakon.kz сайтындағы материалдан біле отырыңыздар.

Ағымдағы аптада әлемдік нарықтағы алтынның құны 3%-дан аса мөлшерде төмендеді. Жұма күні бір унция құны 3 200 долларға дейін төмендеді. Міселен, өткен аптада қымбат металдың бір унциясының бағасы 3 300 доллардан асқан. Айта кетейік, сәуір айында алтын бағасы тағы бір тарихи ең жоғары деңгейді игеріп, 3 400 доллардан да асқан. 

АҚШ пен Қытай баж тарифтерін 90 күнге уақытша төмендетуге келісіп, әлемдік саудадағы шиеленістің әлсіреуі аясында осы аптада қымбат металдың тартымдылығы төмендеді. Осылайша, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық шиеленісінің бәсеңсуі тәуекелге деген тәбетті арттырып, қорғаныс активі ретінде алтынға деген сұранысты сұйылтты.

Мұның бәрі инвесторлардың екі ел арасындағы сауда қақтығысының ұзаққа созылу ықтималдылығына қатысты алаңдаушылығына оң әсер етті. Trading Economics атап өткендей, геосаяси тәуекелдер де Үндістан мен Пәкістан арасындағы бітімгершілік орнаған соң азайған сияқты.

Investing мәліметтері бойынша, сары металға осы аптада доллардың тұрақтылығы және АҚШ-тың қазынашылық кірістілігінің өсімі де қысым жасады. Сарапшылар осы аптада 3%-дан астам құлдырау алтынның ең нашар нәтижесі болуы мүмкін деп санайды, кем дегенде 2024 жылдың қараша айының басынан бастап.

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, қазақстандық нарықта бір грамм алтынның құны 5,6%-ға немесе 3000 теңгеден асаға төмендеді. 16 мамырда алтынның бағасы 52 059 теңге деңгейінде белгіленді.

Бұған дейін Ұлттық Банк 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) және жекелеген банктік емес айырбастау пункттеріне қанша алтын құйма сатылғанын хабарлаған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: