Салық заңнамасындағы өзгерістер бюджетке 3,7 трлн теңге пайда әкелді - Ұлттық экономика министрлігі

Экономика, экономика Казахстана, экономика РК, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, договоры, инвестиции, инвестирование, график роста, графики роста, график, графики, экономическое развитие Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2025 16:30 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 11 қыркүйекте Мәжілісте өткен үш жылдық бюджеттің таныстырылымында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2026-2028 жылдары Қазақстан экономикасының қалай дамитынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Азамат Әмриннің айтуынша, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 5,4%-ды, ал үш жыл ішіндегі орташа жылдық өсім – 5,3%-ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі деп күтілуде.

"Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде 2026-2028 жылдарға арналған бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің болжамы жасалды. 2026 жылы кірістер 19,2 трлн теңге көлемінде немесе ЖІӨ-нің 10,5%-ы деңгейінде болжанып отыр. Биылғы жылға жасалған бағалаумен салыстырғанда өсім 4,7 трлн теңгені құрайды", – деді вице-министр.

Кірістердің негізгі өсімі келесі факторлар есебінен болады деп күтілуде:

  • Салық заңнамасындағы өзгерістер есебінен – 3,7 трлн теңге;
  • Экономика өсімі есебінен – 1,5 трлн теңге;
  • Басқа факторлар есебінен – 0,3 трлн теңге.

Салық түсімдерінің ішінде ең үлкен үлесті қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығы құрайды.

Салықтық емес түсімдер көлемі 330 млрд теңге, арнайы түсімдер – 20 млрд теңге мөлшерінде белгіленген.

"Жалпы алғанда, республикалық бюджеттің өз кірістерімен қамтамасыз етілуі 2025 жылы 63,7%-дан 2028 жылы 83,5%-ға дейін артады. Алдағы кезеңде Ұлттық қордан мақсатты трансферт тарту жоспарланбаған. Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферттің көлемі жыл сайын 2 770 млрд теңге көлемінде белгіленді", – деп атап өтті Азамат Әмрин.

Сонымен қатар, 2026-2028 жылдары шығыстар өсімі тұрақты түрде 108,7-109,3% деңгейінде сақталады. Яғни:

  • 2026 жылы республикалық бюджет шығыстары – 27,7 трлн теңге;
  • 2027 жылы – 28,8 трлн теңге;
  • 2028 жылы – 29,8 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қазақстанда алтын бағасы әлемдік нарыққа қарағанда қарқынды өсуде екенін жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: