Жаңа туған сәбиге берілетін жәрдемақы мөлшері қандай

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 13:20 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда бала туған кезде ата-аналарға екі түрлі төлем қарастырылған: біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және ай сайынғы әлеуметтік төлемдер. Бұл туралы Zakon.kz-ке Алматы қаласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалында еске салды.

Айта кету керек, жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты өзгеріп отырады.

2025 жылы Қазақстанда АЕК мөлшері 3 932 теңге болып белгіленді.

Біржолғы мемлекеттік жәрдемақы

Бұл төлем барлық ата-анаға немесе қамқоршыларға беріледі:

  • бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК (149 530 теңге);
  • төртінші және одан кейінгі әр балаға – 63 АЕК (247 716 теңге).
  • Ай сайынғы әлеуметтік төлемдер (жұмыс істемейтін ата-аналарға)

Бұл төлемдер республикалық бюджеттен тағайындалады:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК (22 648 теңге);
  • екінші балаға – 6,81 АЕК (26 776 теңге);
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК (30 866 теңге);
  • төртінші және әрбір кейінгі балаға – 8,9 АЕК (34 995 теңге).

Жұмыс істейтін ата-аналарға арналған әлеуметтік төлем

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы ата-аналарға бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем беріледі. Оның көлемі соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды және бала 1,5 жасқа толғанға дейін төленеді.

Құжаттарды қалай тапсыруға болады?

Жәрдемақы алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі және банк шот нөмірін тапсыру қажет. Сондай-ақ қызметті электронды үкімет порталы арқылы немесе проактивті форматта SMS-хабарлама арқылы рәсімдеуге болады.

Сонымен қатар, көпбалалы аналарға, сондай-ақ "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иелеріне арнайы мемлекеттік жәрдемақылар қарастырылған.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 16 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік көмекті мемлекеттен ең алдымен мұқтаж жандар алуы керектігін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: