29 қазандағы сауда-саттықта доллар бағамы күрт төмендеді
Фото: freepik
Сауда нәтижесі бойынша доллардың салмақталған орташа бағамы 530,15 теңге болды, осылайша ол бірден 5,21 теңгеге төмендеді.
Рубль бағамы 6,69 теңгеге дейін төмендеді (-0,03).
Юань бойынша сауда Қытайдағы мереке күніне байланысты өткізілмеді.
Валюта айырбастау пункттерінде долларды 527,7–530,7 теңгеге, еуроны 612,5–617,5 теңгеге, рубльді 6,53–6,65 теңгеге сатып алу/сату мүмкіндігі бар.
Өз кезегінде, 29 қазанда әлемдік мұнай бағалары да төмендеді.
Brent мұнайы бойынша қаңтар айына арналған фьючерстер электрондық ICE Futures саудасында 0,63%-ға төмендеп, баррельіне 63,43 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайы бойынша желтоқсан айына арналған фьючерстер 0,68%-ға арзандап, 59,74 доллар/баррель болды.
29 қазандағы Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша валюта бағамдарын сілтемеге өту арқылы көре аласыз.