Жалдамалы пәтер бағасы қалта көтермейді - ел бойынша статистика
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Сонымен бірге, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, кейбір қалаларда нарық тұрақтала бастаған.
Павлодарлық ауытқу": +8,4% өсім
Ел бойынша жалдау ақысының орташа индексі қыркүйекпен салыстырғанда +1,2% ғана өссе, кейбір аймақтық орталықтарда бағалар ерекше құбылмалылық көрсетті.
Бағаның айлық өсімі бойынша көшбасшы – Павлодар, мұнда пәтер жалдау ақысы 8,4%-ға артқан. Одан кейін Қызылорда (+5,9%) мен Петропавл (+4,0%) тұр.
2025 жылдың басынан бері (желтоқсан 2024-пен салыстырғанда) жинақталған өсімге қарасақ, елде баға өсімінің үш тұрақты "лидері" анықталды:
- Ақтөбе – +22,9%,
- Петропавл – +17,7%,
- Қызылорда – +17,5%.
Ал ірі қаржы және әкімшілік орталықтар – Астана мен Алматы – ел бойынша орташа көрсеткішпен (жыл басынан бері +8,2%) салыстырғанда тұрақтану белгілерін көрсетіп отыр:
- Астана: +6,6%,
- Алматы: +5,3%.
Қысқа мерзімді ауытқуларға қарамастан, соңғы бес жылдағы динамика пәтер жалдау құнының бірнеше есе өскенін көрсетеді (2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда).
- Қарағанды мен Оралда баға 2,5 еседен артық өскен (тиісінше индексі 254,8 және 250,6).
- Алматыда жалдау ақысы шамамен 2,5 есеге артқан (индекс 248,7).

Сурет: Zakon.kz
Жалға берілетін пәтерлердің ең қымбаты қай қалада?
2025 жылдың қазан айында ең жоғары баға Алматыда тіркелді – 1 шаршы метріне 5 629 теңге. Одан кейін Астана – 5 287 теңге/ш.м, ал үшінші орында Қарағанды – 4 638 теңге/ш.м.
Бұл үш қала ел бойынша орташа көрсеткіштен (4 807 теңге/ш.м) айтарлықтай жоғары.
Орташа деңгейге жақын қалалар қатарында:
- Шымкент – 4 237 теңге/ш.м,
- Атырау – 4 126 теңге/ш.м.
Ең арзан жалдамалы пәтерлер қайда?
Ел бойынша ең қолжетімді пәтерлер Таразда – 1 шаршы метріне бар болғаны 2 362 теңге. Одан кейін Түркістан тұр– 2 602 теңге/ш.м.
Бұған дейін 1 желтоқсанға қарай доллар бағамы қандай болатындығын жазған болатынбыз.