"Өзін курьер ретінде таныстырады". Алаяқтар салық органы атынан хат жолдауды шығарды

Алаяқтық, курьер, салық органы, хат, Мемлекеттік кірістер комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 18:15 Сурет: pexels
Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) Қазақстанда тағы бір жаңа алаяқтық схемасы белең алғанын ескертіп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар бүгінгі таңда интернет-алаяқтар электрондық пошта мекенжайларына "Салықты шұғыл төлеу қажеттігі туралы ескерту" деген жалған хабарламалар жіберіп жатқанын ескертеді. Сондай-ақ, бұрыннан белгілі әдіс бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері ретінде танысып, қоңырау шалып, салықтық есептіліктің (270-нысан) тапсырылмағаны туралы жалған ақпарат таратады.

"Қазіргі уақытта алаяқтар өздерін курьер ретінде таныстырып, салық төлеушінің атына салық органынан хат келгенін айтады. Хатты жеткізу қызметін МКК (салық органы) төлейді деп сендіріп, мекенжайға жеткізуді ұсынады. Содан кейін жәбірленушінің телефонына 1414 нөмірінен "Enbek.kz" атынан алты таңбалы код жіберіп, процесті аяқтау үшін сол кодты айтуын сұрайды". ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, кодтар мен нөмірлерді ешкімге айтпауға, алынған ақпараттың дұрыстығын тексеруге және алаяқтардың айла-тәсілдеріне ермеуге шақырады.

Айта кетсек, 2025 жылы 17 қарашада Берік Асылов халықаралық алаяқтарға қарсы жүргізілген операцияның нәтижесін жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: