2025 жылы цифрлық активтер индустриясынан ел бюджетіне 7,7 млрд теңге кіріс түскен

Цифрлық актив, майнинг, криптовалюта, 2025 жыл, бюджет, кіріс, Мирас Зәкиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 17:39 Сурет: pexels
Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті төрағасының орынбасары Мирас Закиев 2025 жылғы 27 қарашада Cенат отырысында ел экономикасындағы майнингтің рөлі және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, елімізде лицензияланған майнингтік қызметтің екі түрі енгізілген: мәліметтерді өңдеу орталығының қожайындары және жалға алған ұяшықтармен жұмыс істейтін құрылғы иелері.

"Барлық майнер аккредиттелген қазақстандық майнинг-пулдар арқылы жұмыс істеуге міндетті. Сонымен қатар, салықты әкімшілендіру тетіктері айқындалды: майнерлер мен майнинг-пулдар үшін корпоративтік табыс салығы, жеке тұлғалар үшін оның құнының өсіміне салық салу, ал криптобиржаларға корпоративтік табыс салығы", - деді Зәкиев.

Сонымен қатар, цифрлық майнерлер бюджетке цифрлық майнинг үшін төлем аударады. Бұған дейін тұтынылған электр энергиясының 1кВт/сағаты 26 теңге болса (дифференциальды), ал қазір - 2 теңге.

"Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне қарағанда, цифрлық активтер индустриясынан 2023 жылы бюджетке шамамен 9 млрд теңге, 2024 жылы 10,4 млрд теңге, сондай-ақ 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 7,7 млрд теңге түсті. Осы жағынан алғанда, ұсынылған деректерге сүйенсек, цифрлық майнинг индустриясынан бюджет кірісінің өсу қарқыны байқалып отыр", - деді спикер.

Бұған дейін Ұлттық қор мен алтын-валюта қорындағы шамамен 300 млн АҚШ доллары криптоактивтерге салу жоспарланып отырғаны айтылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: