Қазақстандағы пәтерлер Ресеймен салыстырғанда екі есе арзан
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Numbeo порталының зерттеуі Қазақстанда тұрғын үй тым қымбат деген ақпаратты толық жоққа шығарады. Сарапшылар екі негізгі көрсеткішті зерттеген: қаланың орталығындағы пәтерді сатып алу құны және қала шетінде орналасқан пәтерлер бағасы.
ТМД елдерімен салыстырғанда (қаланың орталығындағы шаршы метр бағасы):
- Қазақстан: 1235,4 доллар (13-орын)
- Украина: 1532 доллар (21-орын)
- Өзбекстан: 1733 доллар (25-орын)
- Беларусь: 1837,2 доллар (28-орын)
- Әзербайжан: 2027,6 доллар (34-орын)
- Молдова: 2408,5 доллар (42-орын)
- Ресей: 2866,5 доллар (50-орын)
Осылайша, Қазақстандағы тұрғын үй бағасы Ресейге қарағанда шамамен екі есе арзан және Беларусь пен Украинаға қарағанда айтарлықтай төмен.

Сурет: Zakon.kz
Ең қымбат тұрғын үйлер:
- Сингапур – шаршы метрінің орташа бағасы 22 555,4 доллар (97-орын)
- Швейцария – 19 423,4 доллар (96-орын)
- Оңтүстік Корея – 13 047,5 доллар (95-орын)
Ең қолжетімді тұрғын үй:
- Куба – 373,8 доллар (1-орын)
- Венесуэла – 567,8 доллар (2-орын)
- Ливия – 647,5 доллар (3-орын)
Қаланың шетінде тұрғын үй бағасына келетін болсақ, Қазақстан әлем бойынша 16-шы орында, шаршы метрі орта есеппен 867 доллар.

Сурет: Zakon.kz
Қазақстандағы тұрғын үйдің салыстырмалы түрде қолжетімді болуына нарықтағы ұсыныстың тұрақты өсуі ықпал етеді. Биылғы жылы тағы бір рекорд жаңарды: 10 ай ішінде 14,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы 14 млн шаршы метрден жоғары және он жыл бұрынғы деңгейден (7 млн шаршы метр) үш есе көп. Құрылыс көлемінің артуы мен тұрғын үй бағдарламаларының дамуы тұрақты сұранысты қолдауға мүмкіндік береді және төмен кірісті азаматтарға тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін ұсынады.