Әрбір балаға бастапқы капитал: Мемлекет басшысының бастамасы іске асырылуда
Сурет: Дәурен Темірбековтің жеке мұрағатынан алынды
- Биыл "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша өткен - 2025 жылға арналған төлемдер қашан түседі?
- Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша дұрыс тізімді қалыптастыру үшін қаражатты келесі есепке алу 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей іске асырылады деп күтілуде, ал БЖЗҚ "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп көрсетілген деректерді 2026 жылғы 20 қаңтардан кейін қалыптастыратын болады.
- Балалардың шотына қандай сома түседі? Бұл сома қалай және немен байланысты есептеледі?
- Нысаналы талаптар жыл сайын есепті жылдың алдындағы он сегіз жылда орташа алынған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің және есепті жылдың алдындағы он сегіз жылда орташа алынған осы сомаға жыл сайын есептелетін инвестициялық кірістің 50% есебінен қалыптастырылады.
Мәселен, 2024 жылдың қорытындылары бойынша Ұлттық қордың орташа жылдық кірістілігі соңғы 18 жылда (2007 жылдан бастап 2024 жылды қоса алғанда) жылдық көрсеткіші 2,97%, ал инвестициялық кіріс 2024 жылдың қорытындылары бойынша жылдық көрсеткіші 1,8 млрд АҚШ долларын құрады.
2026 жылы бағдарламаға 6 918 656 бала қатысты. Осылайша әр балаға 130,71 АҚШ доллары есептеледі.
- Кәмелетке толған қазақстандықтар бұл қаражатты қандай мақсаттарға жұмсайды? Қандай да бір статистика бар ма?
- БЖЗҚ сайтының деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтарға 241 522 өтінім келіп түсіп, оның ішінде жалпы сомасы 31 612,3 мың АҚШ доллар болатын 205 506 өтінім орындалды: тұрғын үй жағдайын жақсартуға 140 716 өтінім беріліп, оның ішінде 127 446 өтінім орындалды және 19 694,5 мың АҚШ доллары төленді; білім беру төлеміне 100 806 өтінім беріліп, оның ішінде 78 060 өтінім орындалды және 11 917,8 мың АҚШ доллары төленді.
Толық ақпаратпен БЖЗҚ сайтында танысуға болады.
- Кәмелетке толған қазақстандықтар шоттарынан қаражат алмағандар болды ма? Мұндай жағдайда қаражатқа не болады?
- Өткен 2024-2025 жылдар аралығында 600 мың адамнан астам кәмелетке толып, олардың БЖЗҚ-ға аударған жалпы сомасы 100 млн АҚШ доллардан астам асты, оның ішінде 241 522 өтінім беріліп, оның ішінде жалпы сомасы 31 612,3 мың АҚШ долларға 205 506 өтінім орындалды.
Егер алушы қаражатты 10 жыл бойы пайдаланбаса, онда "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаражат осы алушының зейнетақы шотына аударылатын болады.
- 2025 жылы 18 жасқа толғандар төлем ала ма?
- 2025 жылы (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары 2026 жылы "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатыспайды. 2026 жылы "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына 2008 жылдан бастап 2025 жылдың 31 желтоқсаны аралығында туған балалар қатысады.
- Егер кәмелетке толмаған адамдар азаматтығын өзгерткен болса, олардың жинақтарына не болады?
- "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында нысаналы жинақтарды төлеуден бас тартуға нысаналы талаптарға қатысушының не нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы негіз болып табылады деп көзделген.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтығынан алынған қаражат Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтары арасында қайта бөлiнедi.
- Егер кәмелетке толмаған бала қайтыс болған жағдайда жинақтарға не болады?
- "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде нысаналы жинақтары бар нысаналы талаптарға қатысушы (кәмелетке толмаған) немесе нысаналы жинақ алушы (кәмелетке толған) қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда мұндай нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Қайтыс болғандардың не заңды күшіне енген сот шешімімен қайтыс болды деп жарияланған мұрагерлері мақсатты жинақ төлемдерін есепке алу үшін уәкілетті операторда (бүгінгі күні бұл "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан халық банкі" АҚ және "ЦентрКредит банкі" АҚ) АҚШ долларымен банктік шот ашады.
Бұған дейін Ұлттық Банк "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 АҚШ доллары есептелгенін жеткізген болатын.