Қайтарылған активтер: Астанада элиталы тұрғын үй кешеніндегі тұрақ орыны 5 млн теңгеге сатылды

Тұрақ орыны, Астана, элиталы тұрғын үй кешені, электронды сауда, қайтарылған актив, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 18:52 Сурет: sauda.e-qazyna.kz
Астанада қайтарылған активтер бойынша электрондық сауда-саттықта элиталы тұрғын үй кешеніндегі тұрақ орыны сатылды. Бұл ретте сатуға қойылған екі пәтер сол күйі өтпей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 18 ақпанда "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында бірнеше лот бойынша электрондық сауда жүргізілді.

Аукцион қорытындысы бойынша бір нысан сатылды: "Парижский квартал" ТК-дегі №1 паркинг орны, жалпы ауданы - 18,8 шаршы метр.

Бастапқы бағасы: 5 328 249,00 теңге. Сату бағасы: 5 328 249,00 теңге

Сонымен қатар, компания сатып алушыға объектіге меншік құқығы толық төлем жасалғаннан кейін ғана берілетінін нақтылады. Ал сауда екі лот бойынша өтпеді деп танылды.

"Екі лот бойынша сауда жүрмеді. Пәтер №1, "Парижский квартал" ТК, жалпы ауданы - 93,6 шаршы метр. Пәтер №2, "Green Village" ТК, жалпы ауданы - 231,8 шаршы метр", делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда Қайрат Сатыбалдыұлынан тәркіленген бизнес орталық саудаға қойылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: