Ұлттық Банк жаңа коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады

Монета, Сиқырлы нышандар, TÁŃIRLIK KÚNTIZBE, Күн жүйесінің планеталары, MERCURY, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 21:36 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық Банкі "Сиқырлы нышандар" сериясынан TÁŃIRLIK KÚNTIZBE мен "Күн жүйесінің планеталары" сериясынан MERCURY коллекциялық күміс монеталары 2026 жылғы 20 ақпаннан бастап сатылымға шығарылатынын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

TÁŃIRLIK KÚNTIZBE монетасы күмістен соғылған, сынамасы – 925. Монетаның салмағы 100 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 500 (бес жүз) дана.


Сурет: nationalbank.kz

MERCURY монетасы да 925 сынамалы күмістен соғылған. Алтын жалату технологиясы қолданылған монетада тантал қондырмасы да бар. Монетаның салмағы - 35 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1000 (бір мың) дана.


Сурет: nationalbank.kz

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына арнап коллекциялық монета шығаратынын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: