Сәуірден бастап көлік салығын төлемегендерге өсімпұл қосылады
Фото: pexels
31-ші наурыз – көлік салығын төлеудің соңғы күні.
Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарына 2025 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталып жатқанын еске салды.
Салық мөлшері заңда белгіленген ставкалар бойынша есептеледі. Былтырғы есептік көрсеткіш – 3 мың 932 теңге, деп жазады qazaqstan.tv.
Егер төлем уақтылы жасалмаса, сәуірден бастап әр күнге өсімпұл қосылады.
Ал 10 мамырдан кейін де берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады – тіпті банктік шоттар мен мүлікке тыйым салынуы мүмкін.
Көлік салығы туралы ақпарат eGov және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript