2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекітетін қаулы дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобада 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап LTV коэффициентіне (кредит сомасының кепіл құнына қатынасы) байланысты ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) белгілеу көзделеді:
- LTV мәні 0,7-ді қоса алғанда 20%-ды құрайды,
- LTV мәні 0,7 жоғары болған кезде – 25%.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-ның шекті мөлшері 25% деңгейінде сақталады.
Құжат 22 маусымға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript