Доллар 11 маусымдағы саудада тағы аздап арзандады

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2026 16:00 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 11 маусымда Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орташа өлшенген доллар бағамы сауда қорытындысы бойынша 487,76 теңге болды, яғни 0,8 теңгеге төмендеді.

Ресей рублі 6,77 теңгеге дейін түсті (−0,02).

Қытай юаны 71,99 теңге болды (−0,19).

Айырбастау пункттерінде доллар 488–490 теңге аралығында саудалануда, еуро – 562,7–569 теңге, рубль – 6,55–6,67 теңге аралығына саудаға түсуде.

Бұл ретте, әлемдік мұнай бағасы 11 маусымдағы саудада өсіп жатыр.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,59% қымбаттап, баррелі 94,58 доллар болды.

Американдық West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 1,90% өсіп, баррелі 91,74 доллар болды. Сауда басында американ мұнайы 3 доллардан да көпке дейін өскен.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 488,59 теңге, еуроны 564,37 теңге, рубльді 6,79 теңге деп бекіткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: