Шілдеде қымбат мұнай теңгені нығайтты, бірақ ақша бағамының құбылмалылығы жойылмады - сарапшы

Мұнай, доллар, теңге, шілде айы, болжам, сарапшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2026 13:55 Сурет: pixabay
Шілде айының соңында ұлттық валютаға шаққанда 1 АҚШ доллары 473,6 теңге болды. Осылайша, бір ай ішінде ұлттық валюта 5,7 теңгеге, яғни 1,2%-ға нығайды. Орташа айлық бағам 471,7 теңгені құрады, бұл маусым айындағы көрсеткіштен 16,2 теңгеге немесе 3,3%-ға төмен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Tengenomika Telegram арнасының жазуынша, Қазақстан қор биржасында (KASE) шілде айы ұлттық валютаның қарқынды нығаюымен басталды: 1 шілдеде 479,3 теңге болған USD/KZT бағамы 10 шілдеге қарай-ақ 464,7 теңгеге дейін төмендеді. Мұнымен қоса, 13 шілдеде 477,1 теңгеге дейін күрт кері шегініс болды, ал айдың екінші жартысында бағам қайтадан 465–470 теңге аралығына дейін арзандады.

"Шілде айындағы теңге бағамына ықпал еткен факторлар - мұнай бағасының өсуі және одан кейінгі түзету. Айдың басында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 72 доллардан сатылса, 23 шілдеге қарай мұнай құны 100 доллардан жоғары көтерілді, бұл өсімнің соңғы деңгейі 41%-ға жеткенін көрсетеді. Бұл ретте Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының болжамы кезекті мәрте нақты нәтижеге өте жақын болды. Айдың басындағы базалық сценарий бойынша 1 АҚШ долларының орташа айлық бағамы 476,7 теңге деңгейінде межеленсе, нақты көрсеткіш 471,7 теңгені құрады. Демек, ауытқу бар болғаны 4,9 теңгені немесе 1,0%-ды құрады, бұл ретте теңге базалық болжамнан да бекемірек қалыптасты. Нақты бағам 459,2 теңгелік оптимистік сценарийден 12,6 теңгеге, ал 494,1 теңгелік пессимистік деңгейден 22,4 теңгеге алшақ болды. Демек, ай қорытындысы бойынша базалық сценарийге ең жақын траектория жүзеге асты", деп жазады Tengenomika Telegram арнасы.

Сондай-ақ шілде айы мұнай бағасының күрт өсуі жаһандық доллардың нығаюы мен рубльдің әлсіреуіне қарамастан, теңгеге айтарлықтай қолдау көрсете алатынын дәлелдегені де нақтыланады.

"Дегенмен, Brent маркалы мұнай бағасындағы түзету мен ай соңындағы ірі қарсы валюталық ағындар құбылмалылыққа (волатильдікті) қайта алып келді. Соның салдарынан бағам шілдедегі ең төменгі межеде тұрақтап қала алмады, соған қарамастан орташа есеппен теңге маусым айымен салыстырғанда едәуір нығайды", делінген жазбада.

Бұған дейін зейнетақы аннуитеті арқылы БЖЗҚ-дағы ақшаны шығарып алуға болады ма деген сауалға жауап берілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: