Еуропа елдері АҚШ-тағы алтын қорларын өздеріне қайтара бастады
Фото: pexels
Еуропаның Франция, Германия және Нидерланд сияқты ірі елдерінің орталық банктері алтын қорларын Нью-Йорктегі Федералдық резерв қоймаларынан елдеріне қайтара бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az мәліметінше, бұған АҚШ-тың 2022 жылы Ресейдің алтын-валюта резервтеріне қатысты қолданған шараларына ұқсас түрде активтерді бұғаттап қоюы мүмкін деген алаңдаушылық себеп болып отыр.
Профессор Луис Гарвиа Испанияның алтынын елге қайтаруы ұлтшылдық қадам емес, Еуропалық одақтың стратегиялық автономиясын күшейту элементі болар еді деп есептейді.
Испанияның қорында 281 тонна алтын бар. Оның бір бөлігі Лондон, Базель және Нью-Йоркте сақтаулы. Алайда АҚШ-та нақты қанша алтын бар екені жарияланбаған.
Сарапшылар алтын резервтеріне эмбарго енгізу ықтималдығы төмен екенін айтады. Дегенмен мұндай қадам нарықтар үшін маңызды белгі болар еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript