Бастағы қайызғақ жазылмайтын аурудың белгісі болып шықты
Қайызғақ жазылмайтын Паркинсон ауруының белгілерінің бірі болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz Лента.ру-ға сілтеме жасап.
Оған Ұлыбритания ғалымдарының зерттеу деректері дәлел, деп жазады Express. Алайда, мамандар бұл ауыр неврологиялық жағдайдың себореялық дерматитке неге әкеліп соқтыратынын анықтай алмады. Бұл аурудың жеңіл түрінде басты қайызғақ басса, ал ауыр түрінде бас терісінің қызаруы немесе тіпті суланып тұратын бөртпенің пайда болуымен байланысты көрінеді.
Сарапшылардың пікірінше, Паркинсон ауруының белгісі баста қайызғақтың пайда болуына ықпал ететін зеңгінің белгілі бір түрімен байланысты болуы мүмкін.
Бұған дейін америкалық ғалымдар Паркинсон ауруының жиі кездесетін белгілерінің бірі себепсізден себепсіз терлеу екенін анықтаған. Сонымен бірге терлегенде де егізінен дененің жоғарғы бөлігі терлейді екен.
Паркинсон ауруы - бұл егде жастағы адамдарға тән орталық жүйке жүйесі бұзылысының ақырындап күшеюі.