Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде «Халал» белгісі бар шұжықтардан доңыз еті табылды

sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2017 17:11 sn.kz
Дәл осындай жағдай елімізде жылда тіркеледі.
Елімізде шұжық өнімдерін өндіретін 11 кәсіпорын өз өнімдеріне «Халал» деген таңба қойып, бірақ доңыз етін пайдаланған, - деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Дәл осындай жағдай елімізде жылда тіркелетінін де айта кету керек. Әсіресе, көрші Ресейден тасымалданатын «Халал» шұжықтарда доңыз ДНҚ-сы жиі анықталып жатады.

Бұл жолы шұжықпен қатар, көрші елдің «Халал» белгісі басылған сиыр консервілерінің ішінен де шошқа еті табылған. Жалпы, жыл басында Денсаулық сақтау министрлігі 36 мың өнімді алып, майшаммен құрамын зерттеуге кіріскен екен. Оған қазынадан шығындалған қаржы да аз емес. 60 млн теңге. Осылайша, 29 мың өнімнің 2138-і талапқа сай болмай шықты. Халалдың арамға айналуына ет комбинатындағы өнімдердің бір құрылғыдан шығатыны себеп. Технологиялық талап бойынша, аппарат тазаланып тұруы тиіс. Тұтынушыларды алдаумен пайдаға қарық болуды көздеген кәсіпорындарға 21 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Фото: sn.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: