Күйеуіңіз көзіңізге шөп салып жүр ме? Оны білудің жолы оп-оңай
wikigrowth.ru
Британдық The Sun таблоиды TikTok қолданушысы Андреа Лопестің қыздарға арналған кеңесін жариялады.
Отбасындағы сатқындықты әшкерелеудің ең қарапайым әдісі анықталды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Британдық The Sun таблоиды TikTok қолданушысы Андреа Лопестің қыздарға арналған кеңесін жариялады. Ол "күйеуіңіз немесе жігітіңіз көзіңізге шөп салып жүр ме" деген сауалға тез жауап анықтайтын амал ойлап тапқан.
Қыздың айтуынша, мұндайда шаң-тозаң мен жүн-жұрқаны тез жинап алуға арналған жабысқақ желімі бар ролик жеткілікті. Лопес оны кілем үстіне жүргізіп, ондағы шаштарды жинағанын айтады. Енді оның ішінен өзге түсті ұзын шаш тапсаңыз болғаны, - дейді ол.
Бұл кеңес желіде вирустық сипатқа ие болып, 2,8 миллионнан астам лайк алып, оған мыңдаған пікір жазылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript