Жеміс-жидектің дәріленген-дәріленбегенін қалай білуге болады

Зертхана қызметіне жүгінбей-ақ, көкөністер мен жемістердің құрамында химиялық заттардың бар-жоғын "көзбен" де тексеруге болады, деп хабарлайды zakon.kz.
Мерзімі өтіп кеткеннен кейін сатылатын көкөністер мен жемістер күдік тудыруы тиіс, - дейді Мәскеу мемлекеттік тамақ өндірісі университеті Биорганикалық синтез өнімдерінің биотехнологиясы және технологиясы кафедрасының доценті Георгий Суслянок "Прайм" агенттігіне білдірген пікірінде.
Қызанақ жалпы табиғатында үлкен болмауы керек. Егер олардың сыртқы келбеті мінсіз жылтырап тұрса, табиғи емес түсте болса және кескенде арасынан ақ жолақтар көретін болса, онда ол нитраттардың көмегімен өсірілген. Оның сабағна да назар аударыңыз, кәдімгі қызанақтың сабағы кішкентайы болуы керек, - дейді маман.
Оның айтуынша, көкөністің тек көлемі, түсі мен иісіне назар аудару жеткіліксіз. Мысалы, таза қиярдың ішінде дәні болуы керек, ал егер ол болмаса, онда көкөністе нитраттар мен пестицидтер көп болып табылады.
Алмаға келсек, одан дақтар мен кедір-бұдыр секілді кемшіліктерді іздеу керек, бұл онда химиялық заттардың жоқтығын білдіреді. Ал құлпынайда қара нүктелердің болуы нитраттың көп мөлшерде екенін байқатады. Қарбыз тілімінің жұмсағында сары талшықтар болмауы керек. Ол - нитраттардың болуының белгісі.
Суслянок көкөністер мен жемістерді маусымнан тыс уақытта сатып алмауға және жергілікті өндірістегі өнімдерді таңдауға кеңес береді.