Жаңалықтар тізбегі
0

Менингиттің алғашқы белгілері қандай

Менингиттің алғашқы белгілері қандай , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2023 23:00 Сурет: pixabay
Алматы №36 қалалық емханасының дәрігері Дилдора Кенжаева балалардағы менингиттің алғашқы белгілері туралы айтып берді.

Маман менингиттің өте ауыр дерт екенін, оны неғұрлым тез анықтау маңызды екенін баса айтты. Көбіне ауру қыс-күз мезгілінде өршиді. Бұған температураның ауытқуы, жоғары ылғал, жабық мекемеде ұзақ болу (микробтардың таралуы мен көбеюіне қолайлы орта) ықпал етеді. Сондықтан төменде көрсетілген белгілердің кез келгені байқалған жағдайда, дереу емханаға бару немесе жедел жәрдем шақыру керек.

"Менингитті ЖРВИ-мен шатастыру оңай. Өйткені белгілері ұқсас - жөтел және мұрынның ағуы, жоғары температура, бастың ауруы, құсу. Менингит кезінде бас қатты ауырады. Сонымен қатар бала көз және мойынның ауырсынуына шағымдануы мүмкін. Құсады, ауыр интоксикация болады. Егер менингококцемия қосылса, теріде геморрагиялық бөртпе пайда болады. Нәрестелерде болатын симптомдар: жоғары температура, мазасыздық, тоқтаусыз жылау, емшектен бас тарту. Жіті кезең өте жылдам өтуі мүмкін (яғни баланың жағдайы жақсарады, одан кейін ауыр асқыну болады). Менингитті ауру басында тек анализ арқылы анықтауға болады", - дейді Дилдора Кенжаева.

Педиатр менингит дер кезінде анықталса, оны бактерияға қарсы терапия арқылы сәтті емдеуге болатынын айтты. Кешіксе, аурудың асқыну ықпалы жоғары: интеллект төмендейді, ми ісінеді, құрысу, кереңдік, соқырлық, паралич, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

"Ауру қарқынды дамиды. Менингиттің кез келген этиологиясы бар науқас стационарда емдеуді қажет етеді. Тәулік бойы медициналық бақылауда болады. Уақытылы емделу нәтиже береді", - деп толықтырды дәрігер.

Өзіңізді және балаларыңызды менингиттен қорғау үшін жеке гигиенаның негізгі ережелерін сақтау керек: тамақ ішер алдында қолыңызды дұрыстап жуыңыз, көкөніс пен жемісті мұқият жуыңыз, қайнаған сумен шайыңыз. Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз. Адам көп жиналатын жерден аулақ болыңыз және бөлмелерді жиі желдетіңіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: