Көлікті қысқы кезеңге қалай дайындау керек
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті мамандары көлікті аязға төтеп беретіндей, үздіксіз жұмыс істеп, қиындық тудырмайтындай етіп дайындау керек екенін ескертті.
Ең алдымен, тежегіштерді тексеріңіз, майды төмен температураға, дөңгелектерді қысқы резеңкеге ауыстыру керек.
"Жолға шығар алдында сіз баратын аймақтың ауа райы болжамын және қатты желдің, қалың қардың және көктайғақтың салдарынан болатын жолдың жай-күйін тексеріп алыңыз. Сондықтан "Дармен" мобильді қосымшасын алдын-ала жүктеп алыңыз, қосымшадан барлық қажетті ақпаратты көре аласыз".ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Төтенше жағдай кезінде жолға шығар кезде багажда сүйреу кабелі, апаттық тоқтау белгісі, балта, "оталдыруға" арналған сым, жанармай қоры, күрек, қол шам және әйнектегі мұзға қарсы сұйықтық, жөндеуге ыңғайлы қолғап болуы қажет. Жолға шыққанда міндетті түрде жылы заттарды, азық-түліктерді жинап, жеңіл тағамдар дайындаңыз.
"Әрине, төтенше жағдай кезінде үш қымбат санды – "112" теріп, құтқарушыларды шақыру үшін әрқашан ұялы телефоныңызды алып жүріңіз. Оны қуаттаңыз, қосымша power bank алыңыз және автокөлік эвакуаторларының нөмірлерін жазыңыз. Жақындарыңызға қайда бағыт алғаныңызды туралы ескертіңіз және сапар барысында олармен хабарласып отырыңыз".ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Егер сіздің көлігіңіз қыс мезгіліне дайын болмаса және дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, тәуекел етіп, алыс сапарға шықпаңыз.
Ақмола облысының құтқарушылары көлікпен ұзақ сапарға шығудан бас тартуды сұрады.