Назар аударыңыз: әлеуметтік желіде тағы бір жалған ақпарат тарады
Сурет: pixabay
WhatsApp әлеуметтік желісінде Google-ден жұмыс ұсынатын жалған хабарландырулар тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Stopfake.kz мамандары Google қазіргі замандағы ең ірі әрі беделді компаниялардың бірі екенін, онда жұмыс істеген үлкен мәртебе екенін еске салды.
"Компания қызметкерлеріне икемді жұмыс уақытын, қолайлы жағдайлар, жайлы кеңселер ұсынады, мұндай жағдай басқа компанияларда жоқ. Google компанияға тиесілі емес WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы мыңдаған адамды жұмыстқа тартпайтыны түсінікті. Жұмыс іздеушілер компанияға түйіндемені өзі жіберуі керек. Мұны қалай жасап, Google қызметкері болу үшін қандай кезеңдерден өту керек екендігі ресми сайтта егжей-тегжейлі жазылған", – делінген хабарламада.
Фактчек жасаған басылым WhatsApp-та таралған хабарламаның Google-ге ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті.
"Оны авторлар пайдаланушыларды алдау үшін жасаған. Мұндай хабарламаларға сенбеген жөн", – дейді Stopfake.kz мамандары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript