Жаңалықтар тізбегі
0

Маңызды: үйінді астында қалып қойғанда не істеу керек

Маңызды: үйінді астында қалып қойғанда не істеу керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 17:45 Сурет: wikimedia
Кенеттен қозғалмаңыз және денеңізді қолмен сипап көріңіз. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі үйінді астында қалып қойғанда не істеу керек екені туралы жадынама жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғимараттар жер сілкінісі, ғимараттың апатты жағдайда тұруы, газдың жарылуы, террористі актілер болғанда қирауы мүмкін. Кез келген адам кенет үйінді астында қалып қойса, ең әуелі не істейтінін біліп, өзіне көмектесуі керек.

Үйінді астында қалғанда не істейміз?

  • Кенеттен қозғалмаңыз;
  • Өзіңізді қолмен сипап тексеріп көріңіз;
  • Киіміңіздің етегін бетіңізге жабыңыз, әйтпесе құм мен шаң тыныс алу жолын бітеп, тұншығып қалуыңыз мүмкін;
  • Терең және біркелкі тыныс алыңыз;
  • Егер қолыңыз немесе аяғыңыз сынықтармен қысылып қалса, аяқ-қолыңызды шығарып алуға тырыспаңыз, себебі бұл үйіндіні одан бетер қиратуы мүмкін;
  • Саусақтарыңызды, аяқ-қолдарыңызды қозғалтып, арқа бұлшықеттерін ширатыңыз. Бұл гипотермиядан да құтқарады. Мүмкіндігінше дененің қысылған бөлігін ысқылап, уқалаңыз;
  • Тарсылдату арқылы өзіңізге назар аударуға тырысыңыз, тек айқайламаңыз, себебі шаң жұтып қоюыңыз мүмкін;
  • Қатты шөлдеген кезде аузыңызға кішкентай қиыршық тас салып, мұрныңызбен дем алыңыз;
  • Құтқарушылардың көмегін күтіңіз.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: