Жаңалықтар тізбегі
0

Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады

Бала, мамандық таңдау, психолог кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2023 00:07 Сурет: pixabay
Психолог Анастасия Екушевская бала өз қалауын білдіріп, қабілеттерін таныта бастағанда оның болашағына қатысты нақты жоспар құрып, білімі мен қызығушылығын дамытуға ден қою керектігін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, ата-аналар өз қалауын танбай, баланың мүдделерін ескеріп, жан-жақты оны қолдауы керек. Мұндағы мақсат - баланың болашағын қалыптастыратын бойындағы әлеуетін ашуға көмектесу.

"Баланы жас кезінен бастап белгілі бір мамандыққа бағыттау - кейде дұрыс емес. Бұл арада балалар өз бетімен дамитынын және олардың қызығушылықтары уақыт өте келе өзгеруі мүмкін екенін түсіну маңызды. Ерте мамандандыққа баулу баланың бейімділігі мен қызығушылығына сәйкес келсе, әрине пайдалы. Алайда, егер ол тек ата-анасының айтқанымен жүрсе, бұл оның психологиясына кері әсер етуі мүмкін", - деп "Газетой.Ru" сарапшының сөзін келтіреді.

Психолог балаға әртүрлі сала мен қызығушылықтарын зерттеуге мүмкіндік бере отырып, оны жан-жақты дамуын қолдау маңызды екенін айтады. Ең бастысы, жалпы дағдыларды дамытуға назар аударған дұрыс, кез-келген кәсіпте пайдалы болатын нәрсе - сыни ойлай білу, шығармашылық және коммуникативті қабілеттер. Баланың өз бетінше немен айналысатынына назар аудару керек, жан-тәнімен беріліп істейтін нәрсесі не деген тұрғыда.

"Балалар белгілі бір іс-әрекетте зейіні мен адалдығын арттырған кезде, олар оған саналы түрде қызығушылық таныта бастайды. Бұл баланың белгілі бір іс-әрекетке қайта-қайта оралуынан, оған терең бойлауынан, сұрақтар қоюынан және эмоционалды көңіл-күйінен байқалуы мүмкін", - деді психолог.

Ең маңызды жайттың бірі – баланың хоббиіндегі жетістіктері мен сәтсіздіктеріне реакциясын бақылау. Егер ол сәтсіздіктерден кейін де жаттығуды жалғастыра берсе және оқу мен өзін-өзі жетілдіруден ләззат алса, бұл құмарлықтың саналы және тереңдігінің жақсы белгісі.

"Осы сәтте ата-аналар баласының қызығушылығын, жақсы қабілетін байқап қана қоймай, олардың дамуына жағдай жасауы маңызды: ресурстарға, оқу материалдарына, тәжірибе жасауға және пікірлес адамдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беру. Дегенмен, балаға қысым жасамау керек", - дейді маман. 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: