Өкпе обыры ұзақ уақыт байқалмауы мүмкін: онколог негізгі белгілерін атады

Өкпе обыры ұзақ уақыт байқалмай өтуі мүмкін: онколог негізгі белгілерін атады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 14:12 Сурет: pexels
Онколог Густаво Шварцман ұзақ уақытқа созылған жөтел өкпе обырының белгілерінің бірі болуы мүмкін екенін айтып, оны елеусіз қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Metropoles басылымының мәліметінше, маман темекі шегетін адамдарға жөтел үш аптадан астам уақытқа созылса, дәрігерге қаралуға кеңес береді. Ал темекі шекпейтін адамдарда жөтел сегіз апта ішінде басылмаса, медициналық тексеруден өткен жөн.

Сонымен қатар жөтелдің өзі онкологиялық аурудың бар екенін білдірмейді. Оның себебі инфекциялар, аллергия және басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Алайда симптом ұзақ уақыт сақталса, мамандар дәрігерге жүгінуге кеңес береді.

Өкпе обыры көбіне кеш кезеңдерде анықталады. Себебі аурудың бастапқы сатысында белгілер мүлде байқалмауы немесе өте әлсіз болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, сәулелену дозасы төмен компьютерлік томография жоғары қауіп тобындағы адамдарда ісікті ерте кезеңде анықтауға көмектеседі.

Мұндай тексеруден өту қажеттілігін дәрігермен кеңесіп шешкен жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: