Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда мүгедектігі бар адамдарға арналған «инватакси» көліктерінің саны артты

Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2021 20:44 Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Облыс әкімі алдағы уақытта да ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары жалғасатынын айтты

 Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мамыр бағындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» оңалту орталығында болып, «Шапағат» корпоративті қорына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасуға арналған «инватакси» автокөліктерін табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қаласында «Инватакси» қызметі 2016 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды 6 көлік тасымалдаса, енді олардың қатары тағы 2 көлікпен толықты. Инватакси жолаушыларды баратын жеріне дейін тегін тасымалдайтын болады.

Облыс әкімі алдағы уақытта да ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары жалғасатынын айтты.

Әрбір мемлекеттің, әрбір азаматтың ең негізгі мақсаттарының бірі – аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіп, оларды қолдау. Біздің мемлекетіміз 30 жылдың ішінде қимылдау қабілеті шектеулі азаматтарға қолдау білдіріп келеді. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев егемендік алған күннен бастап ең бірінші осындай жандарға көмектесіп, қолдау керектігін айтқан болатын. Барлығы толығымен орындалды деп айта алмаймыз, дегенмен мәселелер ретімен шешіліп келеді. Осындағы иппотерапия орталығын келер жылы бітіріп, ел игілігіне береміз.  Әсіресе балалар мен жастардың аяққа тұрып, қадамдарын нық басуына себепші болсақ деген мақсатымыз. Қазір бұл орталыққа 45-ке жуық бала келіп, ем алып жүр екен. Ғимарат толық ашылған соң, балалар қатары көбейеді. Жаңа көліктеріңіз құтты болсын! Балалардың дені сау болып, мықты азамат болып өсулеріне тілектеспіз. Алда Тәуелсіздік мерекесі. Тәуелсіздіктің арқасында осындай игіліктерге қол жеткізудеміз. Біздің көмегімізге мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қамқорлық танытуымыз қажет.Бердібек Сапарбаев

Құттықтау сөзден кейін аймақ басшысы орталыққа мүмкіндігі шектеулі жандарды таситын автокөліктің кілтін тапсырды.

Инватакси, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2021 20:44

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі 

Ерекше қажеттілігі бар жандарды тасымалдауға арналған «JAC Sunray» маркалы көлігінің ішінде арбаларға арналған 300 келіге дейін салмаққа есептелген арнайы көтергіш орнатылған. 6 жолаушы орны және екі арбаға арналған орын бар.

Салтанатты шарада «АСАР» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Руслан Төлегенов сөз алып, алғысын білдірді.

Әлеуметтік салада мемлекеттік қолдаудың жыл сайын артып келе жатқаны белгілі. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тағы бір игілікке кенеліп отырғанымыз соның айғағы. Біздің барлық бастамаларымыз облыс әкімі тарапынан қолдау табуда. Бұл үшін ризашылығымызды білдіреміз. Руслан Төлегенов

Сонымен бірге, орталықта қызмет алушылардың ата-аналары да қуаныштарын жасырмады.

Әлеумет, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2021 20:44

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі 

Бұл біз үшін өте қуанышты жағдай. Өзіміз секілді ерекше балалары бар ата-аналарға үлкен көмек. Осындай мүмкіндік беріп, жағдай жасаған облыс басшылығына ата-аналардың атынан үлкен рахметімді айтамын.    Ләйлә Рахманбекқызы.

Әлеумет, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2021 20:44

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

                   

Мұнан соң облыс әкімі оңалту орталығына қарасты ғимарат пен спорт алаңын, тірек-қимыл аппараты және сал ауруына шалдыққан адамдарды атқа мінгізіп емдеуге арналған нысанның құрылысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2021 20:44

Шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2021 20:44

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: