Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин СҚО тұрғындарына мемлекеттік марапаттарды табыс етті

Мәжіліс төрағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2021 19:54 Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Марапатқа ие болғандардың арасында ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, мұғалімдер мен дәрігерлер, жұмысшылар мен құтқарушылар, кәсіпкерлер, әртістер мен спортшылар бар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жылдардың біздің еліміз үшін маңыздылығы туралы айтқан Мәжіліс cпикері олардың Қазақстанның қалыптасуы, дамуы және нығаюы үшін маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс cпикері Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «алдымен экономика, одан кейін саясат» деген дана, көреген, салиқалы саясатының арқасында біз барлық қиындықтардан  аман-есен  шығып,  бір  биіктен  бір  биікке  жеткенін атап өтті. Осы жолда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің даму стратегиясын одан әрі  жалғастырып, саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге  асырып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Солтүстік Қазақстан облысы мен тұрғындарының тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы өндірістік салада жоғары нәтиже көрсетіп, онда жыл сайын жаңа кәсіпорындарды іске қосып, көптеген жаңа жұмыс орындарын  ашуда.

Сіздерде шығатын өнімнің көптеген түрлері тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік  нарықта да белгілі. Мәжіліс төрағасы

Марапатқа ие болғандардың арасында ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, мұғалімдер мен дәрігерлер, жұмысшылар мен құтқарушылар, кәсіпкерлер, әртістер мен спортшылар бар.

Парасат ордені, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2021 19:54

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

«Парасат» орденімен археолог Виктор Зайберт марапатталды. Ол Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша бірнеше ғылыми жаңалықтардың, көптеген кітаптар мен мақалалардың авторы. Қазақстандық ғалымға жылқыны қолға үйретудің ең көне ескерткіші саналатын энеолит дәуірінің «Ботай қонысы» бірегей ескерткішінің ашылуы әлемдік танымалдылыққа ие болды.

Мәжіліс, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2021 19:54

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

«Құрмет» орденімен Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиешісі Елена Кислякова,  Екпін Әбиев, Қалым Даньяров, Абдурахим Нукаев ауылдарын дамытуға қаржылық қолдау көрсетіп отырған фермерлік шаруашылықтардың басшылары марапатталды.

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері еңбек ардагері, механикалық жинау цехының токары Сергей Каретов және құрылыс саласында 40 жылдан астам жұмыс істейтін краншы Фархан Сафаргалеев иеленді.      

«Ерлігі үшін» медалі 16 адамның өмірін құтқарған өрт сөндіруші Айтбай Сәдуақасовқа, «Ерен еңбегі үшін» медалі кардиолог дәрігер Асқар Молжігітовке, жеңіл атлет Ирина Эктоваға, «Шапағат» медалі балалар үйінің тәрбиешісі Айым Әбдірахмановаға, Уәлиханов аудандық ауруханасының бас медбикесі Марина Охматқа табысталды.

Құрмет ордені, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2021 19:54

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Нұрлан Нығматулин өңір тұрғындарын айтулы күнмен және жоғары наградалармен құттықтай отырып, еліміздің дамуының маңызды кезеңінде жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: