Көптен көмек сұраған «Гүлдер» ансамблінің экс-солисіне пәтер берілді

«Гүлдер» ансамблінің экс-солисі Амангелді Шыңғысовқа қайырымды жандар ақша жинап, пәтер алып берді, деп хабарлайды Zakon.kz
«Жұбайы мен қызы дүниеден ерте кетіп, ұлы мен келіні үйінен қуып шыққан атамыз елдің бәрін жылатып еді. Жанашыр халық жиналып, @elge_komek_ber қайырымдылық қорының бастамасымен 48 сағаттың ішінде қамкөңіл қартқа пәтер алып берді және ұмраға жолдама сыйлады. Ел азаматтарына және атсалысқан баршаңызға алғыс айтамыз! Алла разы болсын!» делінген qazaq_travel парақшасында.
82 жастағы қария Алматыдағы вокзал маңы мен хостелдерді жағалап жүрген болатын. Сөйтіп осыдан бір ай бұрын ол кісі «Алматы» телеарнасындағы «Шешімі бар» ток-шоуына келіп, көмек сұраған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript