Жаңалықтар тізбегі
0

Шварценеггер үйсіз-күйсіз ардагерлерге 25 үй сыйға тартты

Қайырымдылық шарасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2021 10:24 Сурет: Instagram/schwarzenegger
Америкалық актер және саясаткер Арнольд Шварценеггер үйі жоқ ардагерлерге Рождество мерекесіне сыйлық жасап, Лос-Анджелестен 25 ықшам үйді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қайырымдылық акциясы жайында саясаткер Instagram-дағы парақшасында жазды.

Мен берген ақшаға Лос-Анджелесте үйсіз-күйсіздерге арналып 25 ықшам үй орнатылды. Қаһарман адамдармен уақыт өткізу және оларды жаңа үйлерінде қарсы алу маған өте ұнады. Арнольд Шварценеггер

Калифорнияның бұрынғы губернаторының айтуынша, ол Рождествоны мерзімінен бұрын тойлауға кірісіп кеткен.

Fox LA телеарнасы ықшам үйлерге электр қуаты, жылу жүйелері мен кондиционерлер орнатылғанын айтты.

АҚШ тұрғын үй және қала құрылысы департаментінің 2020 жылғы мәліметтері бойынша, елде 37 мыңнан астам үйсіз-күйсіз ардагерлер тұрады. Бұрынғы әскери қызметкерлер мүгедектігіне, жаман әдетке бой алдыруына, психикалық ауруына, жұмыссыздыққа, арзан тұрғын үйдің болмауына және қызметі соңында аз-маз төлемге қарап қалғанына байланысты баспанасынан айырылып қалып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: