Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы зауыттың қызметкерлерімен кездесті
Сурет: zakon.kz
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барып, иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытта және бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария қазіргі ахуал мен вакциналарды өндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Облыс әкімі зауыттағы өндірістік цехтың құрылысымен де танысты.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Биыл еліміз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Үш онжылдықта мемлекетіміз үлкен жетістіктерге жете білді. 60 жылдан астам тарихы бар биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты үшін бұл жылдар айрықша маңызды кезең ретінде есте қалды. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында бүкіл әлемге біздің ғалымдарымыздың ғылыми әзірлемелері шетелдіктерден кем түспейтінін дәлелдедік. Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин облысқа жұмыс сапарлары барысында да атап өтті. Коронавирусқа қарсы күреске және халықтың денсаулығын нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға тағы да алғысымды білдіргім келеді. Жергілікті билік ғалымдарға қашанда жан-жақты қолдау көрсететін болады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Облыс әкімі алғашқы күннен бастап зауыт құрылысының барысын жеке өзі бақылап отырды, соның арқасында барлық проблемалық мәселелер жедел шешілді. Біздің ғалымдар үшін қысқа мерзімде тұрғын үйлер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Мемлекет басшысы мен облыс басшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтамыз.Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария
Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев институттың 11 қызметкеріне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгілерін, «Халық алғысы» медальдарын, облыс әкімінің Құрмет грамоталарын табыс етті.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript