"Жаңа жылды тойламау – Құдайдан да ұят". Жаңа жылды тойлауға деген көзқарас өзгерді ме?
Ағашқа бұйымдар іліп қойып, оны айналып, Жаңа жылды тойлау Ресейдің өзінде 1-Петрдің заманынан бастау алды.
Дін тұрғысынан алатын болсақ, 2022 жыл бұрын Палестинада Марьямның ұлы Иса дүниеге келді. Яғни бұл – Иса пайғамбар (а.с.) дүниеге келген күн. Ал Кеңестік үкімет атеистік көзқараста болған соң, мұны "Рождество" деп атамай, Жаңа жыл деп тойлады. Мұны біліп жүруіміз керек. Бірақ бұл мәселеде біз ұқсамауға тырыспауымыз керек. Ол туралы пайғамбарамыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ескертті. Алайда Кеңестік үкіметті көргендер бірден тойлауды доғара салмас. Сондықтан түсіністікпен қарауымыз керек. Яғни он екіде Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін деп Аяз атадан сұрау сияқты жаңсақ пікірден алыстай беруіміз керек.әл-Фараби атындағы ҚҰУ, философия және саясаттану факультетінің аға оқытушысы Мирхат Мадияров
Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жақсылығымен келсін деген Бейнеу ауданы Сарға ауылының тұрғыны, зейнеткер, білім саласының құрметті қызметкері Тұрсын Шұңғылова Жаңа-жылды тойлаудан емес, отшашудан бас тартқанымыз дұрыс деген пікірін алға тартты.
Григорян күнтізбесі бойынша жылдар ауысқалы тұр. Оны біз дайындалып атап өтеміз. Біз жақта Наурыз, яғни түркі халықтарының жыл басы да керемет қылып тойланады. Енді Ақтау, Атырау жақта отшашудан бас тартыпты. Соны дұрыс деп есептеймін. Бейнеу ауданының зейнеткері Тұрсын Шұңғылова
Еліміздегі ең танымал құрылысшы-блогер Эльмира Ешниязова Жаңа жыл кешіне дейін тынбай еңбек ететінін жасырмады. Өйткені...
Өйткені, жыл басын қалай қарсы алсаң, жыл бойы солай болады дегенге өз басым сенемін. Жасым 52-ге келсе де, жаңа жылға кәдімгідей дайындаламын. Жаңа жылға дейін, жөндеуге алған нысандарды реттеп, барлығын тапсырамыз. Сол үшін мереке қарсаңында мен үшін қарбалас басталады. Биыл да өзі солай болып жатыр. Блогер Эльмира Ешниязова
Танымал журналист Гүлвира Биғалиева Жаңа жылды аста-төк дастархан жасап атап өтетінін жасырмады. "Осындай күнде қуанып, шаттанбау құдайдың өзінен ұят", – дейді ол.
Жаңа жылды тойлау керек. Отбасылық ең керемет мейрам. Сондықтан ол күнді тойламай тып-тыныш өткізу – Құдайдан да ұят. Аман-есен жүргенімізге рахмет айтып, Құдайдан тілек тілеп, жақсы көңіл күймен қарсы алу керек. Өзім отбасымызбен үйде қарсы аламыз. Дастарханды тағамға толтырып қойып, көршілерге шай береміз. Сосын сағат 23:55-ке дейін 10 шақты көршінің шақыртуымен қонақ болып жүреміз. Сағат түнгі 12 ге бес минут қалғанда үйге жүгіріп кіреміз де, шырынды стақанға құйып соғыстырамыз да, отбасымыздағылар бір-біріміздің бетімізден сүйеміз. Сосын мамаларым ары қарай таң атқанша көршілердің үйіне кетеді. Үйде отырғандарымыз дастарханды жинастырып, ұйықтауға тырысамыз.Журналист Гүлвира Биғалиева
Ал Жайдар Әйтенов жол серік болып қызмет етеді. Ол бүгінде жол үстінде. Жігіт ағасы бес жылдан бері Жаңа жыл тойлаудан бас тартқан.
Себебі ішімдік ішіп тілек айтуға өз басым қарсымын. Отбасымызбен бірге бұл күнді тойламаймыз.Алматы тұрғыны Жайдар Әйтенов