Американың 1942 жылы КСРО-ға берген мотоциклы Петропавлда тұр
Сурет: Zakon.kz/иллюстрация үшін
Петропавлдық коллекционер Илья Загола 40-қа жуық мототехниканы жаңартып, гаражын музейге айналдырған. Ең бастысы, мотоциклдердің жоқ-жітігін де шетелден алдырып, зырылдатып қойған, деп хабарлайды Zakon.kz
Қала тұрғыны Илья Загола мотоциклге бала кезінен жаны құмар. Алғашқы екі дөңгелекті көлігін 1997 жылы сатып алып, коллекция жинай бастаған. Бүгінде оның гаражынан мототехниканың бірнеше түрін кездестіресің. Ильяның мотоцикл құрастырып жатқанына 11 жылға жуықтаған. Бөлшектерінің басым бөлігін жаңалапты. Ең бастысы, техниканың түпнұсқа шанағы жақсы сақталған, деп хабарлайды Хабар 24.
Негізінен бұл мотоцикл КСРО-ға Америка тарапынан көрсетілген көмек ретінде жеткізілген. Ол 1942 жылғы. Мен мұны Өскеменнен тауып, сатып алдым. Қазір қозғалтқышын жөндеп жатырмыз. Кей бөлшектерін тіпті Америкадан сатып алдық.Қала тұрғыны Илья Загола
Коллекционерге мотоциклді жинауға әкесі көмектеседі. Бүгінде оның 1968 жылғы мотокөлігі де жүріп тұр.
Мына мотоциклді 1973 жылы сатып алғам. Бірақ 1990 жылдары оны біреулер қолды қылды. Кейін ұлдарым оны темір-терсек қабылдайтын орыннан тауып алып, қалпына келтіріп, қайтадан маған сыйға тартты. Қала тұрғыны Илья Загола
Коллекционер 25 жылда 40 мотоциклді қайтадан құрастырып шығарған. Осылайша ол бүгінде гаражын шағын музейге айналдырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript