Қазақстанда "Қазпошта" бөлімшелері жұмыс істей бастады

жұмыс істеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2022 11:02 Сурет: kazpost.kz
Қазақстанда 10 қаңтардан бастап "Қазпошта" бөлімшелері қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пошта бөлімшелері зейнетақылар мен жәрдемақыларды интернет байланысы жұмыс істеген уақытта штаттық режимде беретін болады.

Сондай-ақ, банкоматтарды қолма-қол ақшамен толтыру бойынша жұмыс басталды. "Қазпоштаның" барлық клиенті 10 қаңтардан бастап бөлімшелерден де, банкоматтардан да ақша ала алады.

Ал "Оңтүстік" ақпараттық-логистикалық орталығының Қазақстан бойынша магистралды маршруттарды іске қосуының арқасында, 10 қаңтардан бастап пошта жөнелтілімдерін қабылдау және өңдеу қайта басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: