ҰҚК: Қазақстандағы ахуал тұрақтанды және бақылауға алынды
Сурет: Zakon.kz
10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы ахуал тұрақтанды және бақылауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық және өңірлік жедел штабтар террористік қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды.
Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысандар босатылды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Құзырлы ведомства атап өткендей, содырлар мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандардың жасырынуы мүмкін орындары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қылмыстық әрекеттің іздерін айқындау және жинақтау жүзеге асырылуда.
Барлық азаматтарды құқықтық тәртіп органдарына террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауда көмек көрсетуге және жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырамыз. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript