Жүк жөнелтушілер бірқатар төлемдерден, алымдардан және айыппұлдардан босатылды

Жүк пойызы, алымдар, "ҚТЖ" ҰК , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2022 12:22 Сурет: pixabay
"ҚТЖ" ҰК " АҚ Қазақстанның барлық өңірлерінде төтенше жағдай кезеңінде жүк тасымалдауға байланысты айыппұлдарды, алымдарды және төлемдерді алып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz

"ҚТЖ" ҰК " АҚ-ның мәлімдеуінше, мұндай шешім "Теміржол көлігі туралы" ҚР Заңы аясында, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үндеуін ескере отырып қабылданған.

 Атап айтқанда, мыналар есептелмейді:

- жүк тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындамағаны үшін айыппұл;

- жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагондар (контейнерлер) иелерінің кінәсінен болған, меншікті (жалға алынған) вагондардың бос тұрғаны, магистральдық, станциялық жолдарда контейнерлердің кідіргені үшін төлем.

Бұдан басқа, форс-мажорлық жағдайларға байланысты жүк алушыларға жүктің межелі станцияға келгені туралы хабарланған сәттен бастап 48 сағаттан артық тұрып қалған жүктерді сақтағаны үшін алым 10 еселік емес, бір еселік мөлшерде алынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: