2021 жылы 17,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Сурет: Zakon.kz
2021 жылдың қорытындысы бойынша, 17 540 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Zakon.kz
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,8 мың этникалық қазақ оралды. Көбі жақын шетелдерден келген.
2021 жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,2%) Өзбекстаннан, 9,7-ы ҚХР-дан, 6%-ы Түркіменстаннан, 2,6%-ы Моңғолиядан және 5,7%-ы басқа елдерден келген.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (19%), Түркістан (13%) және Жамбыл (7,8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.
Олардың жартысынан көбі еңбекке жарамды азаматтар екенін айта кеткен жөн.
Осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 28%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1%-ының жоғары білімі, 40,1%-ының орта кәсіби білімі, 45,6%-ының жалпы орта білімі бар және 3,1%-ының білімі жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript