ҚР ТЖМ қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударады
Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы мен қызметкерлері Премьер-министр Әлихан Смайыловтың бастамасын қолдау жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz
Құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, ел үшін қиын уақытта төтеншеліктер бір күндік жалақысын аудару туралы ерікті түрде шешім қабылдады.
Аталған қор Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау, білім беру, халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау салаларындағы проблемаларды шешу үшін құрылды.
Тақырыпқа орай: Смайылов «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударды
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript