23 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауады
Сурет: pixabay
Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz
Елдің батысында, оңтүстігінде және орталығында ауа массасының фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Сондай-ақ, жел де күшейіп, көктайғақ болу қаупі сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК
Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Түркістан, Қызылорда және Алматы облыстарының таулы аймақтарында, тау бөктерлерінде тұман түседі деп күтіледі.
Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында жел екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады, тұман түседі деп күтіледі, түнде оңтүстік-батыста және таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман түседі, күндіз оңтүстік-батыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript