Жаңалықтар тізбегі
0

20 қазақстандық өндіруші Мәскеудегі «ПРОДЭКСПО 2022» көрмесіне қатысып жатыр

Қазақстан, Ресей, Мәскеу, «ПРОДЭКСПО-2022», өндірушілер көрмесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 16:31 Сурет: «QazTrade» АҚ баспасөз қызметі
Бүгін Мәскеуде «ПРОДЭКСПО-2022» өндірісі үшін азық-түлік, сусындар мен шикізаттың 29-шы халықаралық көрмесі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz

«ПРОДЭКСПО» көрмесі азық-түлік тақырыбындағы әлемдік ірі байқаулардың ондығына кіреді. Дәстүрлі түрде онда әлемнің түкпір-түкпірінен азық-түлік тауарларын өндіретін компаниялар таныстырылады: базалық өнімдер мен сусындардан бастап әр күнге таңдаулы деликатестерге дейін, сондай-ақ салауатты өмір салты үшін органикалық, спорттық, функционалдық тамақтану, халал, кошер, экзотикалық өнімдер.

Қазақстан Республикасын алғаш рет бұл көрмеде бірыңғай ұлттық стендпен қатысып жатыр. Қазақстандық ұлттық стендті ашқан Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев қатысудың жаңа форматы «Қазақстандық компанияларға отандық өнімді неғұрлым тиімді ілгерілету және тану үшін көбірек мүмкіндіктер беретінін» атап өтті.

Көрме, Ресей, Қазақстан, қазақстандық өндірушілер, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 16:31

Сурет: «QazTrade» АҚ баспасөз қызметі

Қазақстандық ұлттық стендтің қатысушылары – бал өнімдері, кондитерлік өнімдер, макарон өнімдері, ұн және кондитерлік өнімдер, тұз, алкогольсіз сусындар, шырындар мен сыра, балмұздақ, өсімдік майлары сияқты 20 өндіруші компания. Көрмеде, сондай-ақ, көкөніс өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілер (қияр, қызанақ, салат өнімдерінің ауқымды желісі, жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдеу, жеміс езбесі, алма сірке суы және т.б.) өз өнімдерін ұсынады.

Қазақстан, Ресей, қазақстандық өндірушілер, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 16:31

Сурет: «QazTrade» АҚ баспасөз қызметі

Көрмеге қатысушылар арасында Алматы, Шығыс Қазақстан, Жабыл, Қостанай, Түркістан және Павлодар облыстарын, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының өндірушілер бар.

Көрме жұмысының барлық күндері (7-11 ақпан) қазақстандық компаниялардың ресейлік сауда желілерімен, дистрибьютерлермен және көтерме-сатып алу компанияларымен B2B кездесулері өткізілетін болады.

Қазақстанның Ресеймен екіжақты саудасында ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік экспортының әлеуеті іске асырылмаған. Біздің өнімдер жоғары сапалы және экологиялық таза құрамымен бүкіл әлемде танымал. Қазақстандық өндірушілердің әлемдегі ең ірі көрме алаңдарының бірі – «ПРОДЭКСПОҒА» қатысуы – бұл Ресеймен тамақ өнімдерін экспорттау бойынша сауда байланыстарын кеңейту мүмкіндігі.«QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы

Анықтама:

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-қарашада 21,8 млрд АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29,6%-ға жоғары (16,8 млрд АҚШ долл.).

2021 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстаннан Ресейге экспорт 38,5%-ға өсіп, 6,3 млрд АҚШ долл. болды. Қазақстаннан Ресейге экспортталатын негізгі тауарлар: темір кендері мен концентраттары, ыстықтай илектелген легирленбеген болаттан жасалған жазық илек, жалатылған легирленбеген болаттан жасалған жазық илек, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, суықтай илектелген легирленбеген болаттан жасалған жазық илек, қара металдардың қалдықтары мен сынықтары, тас көмір, алюминий оксидтері мен гидроксидтері, табиғи газ болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: