«Маугли» балалар өздігінен қозғала алмайды – дәрігер
Сурет: Instagram/ poiskoviki_pvl_vita
Екібастұздық пәтерден табылған балалар ауруханаға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы олардың жағдайы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұған дейін Екібастұздағы пәтерлердің бірінен еріктілер 2016, 2014, 2017 және 2018 жылы туған төрт баланы тапқан еді.
Балалардың барлығы ауырады, жүре алмайды. Қыздың іші үлкен болып ісіп кеткен. Ұлдардың бірі екі күннен бері құсып жатыр. Ал екі үлкен баланың аяқ-қолы қисайып кеткен. Балалар үш күннен бері тамақ ішпеген. Дәрігерлер пәтерге дереу барып, балаларды анасымен бірге шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. Киім-кешек, аяқ киім болмағандықтан балаларды қолдан келгенше бүркеп, киіндіріп, үйден алып шықты.Еріктілер
Екібастұз қаласының әкімдігінің мәліметінше, балалардың анасы 1994 жылы туған. Ал балалардың әкесі жұмыс істемейді.
Отбасы Қалқаман ауылынан екі жыл бұрын көшіп келген. Балалар емханаға бекітілмеген, мүгедектік анықталмаған. Олар өздігінен қозғала алмайды, тамақ ішпейді.Екібастұз әкімдігі
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы қазір төрт бала облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде пневмония мен коронавирустан емделіп жатқанын хабарлады.
Анасы балаларымен бірге. Олардың жағдайы тұрақты, жақсару үрдісі байқалады. Коронавирус карантині аяқталғаннан кейін балалар толық тексеруден өтеді. Оларды емдеу жолы туралы дәрігерлер кеңесі тағайындалды.Әкімдіктің баспасөз қызметі
Айта кетейік, екібастұздық «Маугли» балалардың оқиғасы жарияланғаннан кейін екі қаланың әкіміне сөгіс жарияланды.
Ведомствоаралық өзара әрекеттесу проблемалары бар. Ақсудан көшкеннен кейін отбасы дәрігерлердің назарынан тыс қалған. Бұрын амбулаторлық бақылауда болған балаларды ешкім іздей қоймаған. Жақында ғана анасы көпбалалы болғаны үшін жәрдемақы ала бастады, яғни отбасы туралы кем дегенде бір мемлекеттік орган хабардар болды. Бірақ басқа мамандандырылған бөлімдер ештеңені білмейді.Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов
Әкімнің полиция қызметі мен жұмыспен қамту органдарына да сұрақтары болды.
Новость по теме
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript